Әлеуметтік желіде танымал діни коуч Марзия Бекайдардың подкастынан үзінді тарады, деп жазады qandastar.kz.
Видео тек қазақстандықтардың ғана емес, көршілес елдердің желі қолданушыларының да наразылығын тудырған.
Пікірлер бөлімінде әсіресе әйелдер өз ашу-ызасын білдірді.
Видеода былай делінеді:
«Сені тәрбиелейтін және саған қатал болатын күйеу — ол Алладан. Қатал күйеу — Құдайдың берген үлкен сыйы».
Көпшілік бұл сөздерді сынға алып, наразылық танытты. Пікір қалдырушылар арасында:
«Үлкен әйелдерді біреу тәрбиелеу керек деп қалай ойлайды екен?»
«Не ішіп жүрген бұлар?»
«Өздерін-өздері алдап отырғандар»
«Бұл қай секта?»
«Керісінше, ер адам әйеліне жұмсақ болу керек емес пе?», — сияқты пікірлер жазылды.
@oymon_kg Строгий муж — милость от Всевышнего? #кыргызстан #бишкек #подкаст #рек #рекомендации ♬ Ozan — Toygar Işıklı



