Жаңалықтар
Қатал үкім: Шерзатты өлтірген Шынасыл 23 жылға, қалғандары 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

Бүгін марқұм Шерзат Полат өліміне қатысты сот талқылауының соңғы отырысы өтті. Судья Шерзат өліміне айыпталушыларға үкім шығарды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот үкімімен:
Абзал Шынасылға, екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру.
Сакиев Равильге, бір аса ауыр және бірауыр қылмыс, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардыңжиынтығы бойынша түпкілікті – 20 жыл бас бостандығынан айыру.
Тоқтаубаев Азаматқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін, бұрын жасаған ауырқылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасыескеріліп – 15 жыл бас бостандығын анайыру.
Ильясов Нұрқиясқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін, бұрынғысоттылығы және ол бойынша өтелмегенжазасы ескеріліп – 9 жыл бас бостандығынан айыру.
Әскентай Дарханға, Тоқтаубаев Нұрболға, Белгожаев Шыңғысқа және Қалиахмет Дидарға ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін заңмен көзделген барынша қатаң жаза – әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру.
Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Думан Ысқақ жазасын кәмелеттік жасқа толмағандарды түзеу мекемесінде өтейді. Қалғандары жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемелерінде өтейді.