Жаңалықтар

Қателігі қымбатқа түсті: тегін суши таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Алатау қаласында жуырда ашылған дәмхана тұрғындарға тегін суши тарату арқылы жаңа нүктесін жарнамалауды ұйғарған. Алайда ұйымдастырушылар халықтың көп жиналатынын ескермеген, деп хабарлайды qandastar.kz.

26 қазан күні дәмхана алдына жүздеген адам келіп, тегін тағам алуға тырысқан. Адам көптігінен кезек бұзылып, итеріс пен айқай-шу басталған. Бұл жағдай қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелген.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, акция жергілікті әкімдікпен алдын ала келісілмеген. Сонымен қатар кәсіпкер тарапынан қауіпсіздік шаралары да сақталмаған.

Тексеру нәтижесінде дәмхана иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 443-бабының 1-бөлігі бойынша – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету талаптарын бұзғаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелді.

Құқық қорғау органдары кәсіпкерлерге бұдан былай ашылу шараларын өткізу кезінде заңды талаптарды сақтауды және тұрғындардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауды ескертті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button