Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарына өз ой-толғамын жеткізді, деп жазады qandastar.kz.
Ол жазбасында жас қыз-келіншектерге әпкелік кеңес беріп, жеке өмірінен алынған тәжірибесімен бөлісті.
«Анам әрдайым: «Қазір босанатын уақыт. Бір келін кір жуады, бір келін ыдыс жуады, бір келін үй жинайды. Уақытында сәби сүй, өзім қарап беремін», деп айтып отыратын. Ол кезде бұл сөзге мән бермеппін. Қазір ашығын айтсам, сол үшін өкінемін. Дегенмен, Аллаға шүкір, ұлдарым аман-есен.
Жастарға айтарым – мен жіберген қателікті қайталамаңыздар. Жұмыс, мансап, білім – бәрі де өз орнында қала береді. Қаласаңыздар, олардың бәрін қатар алып жүруге болады.
P.S. Суреттегі баланың бүгін тұсауы кесілді. Оны әлі құрсақтағы кезінен бастап танимын», – деп жазды журналист.



