ЖаңалықтарШоу бизнес

«Қатты бай адам емеспін»: Роза Рымбаева сахнамен қашан қош айтысатынын айтты (ВИДЕО)

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева алдағы жоспарымен бөлісті, деп жазады qandastar.kz порталы abaitvkz-ке сілтеме жасап.

Әнші «Сарасөз» бағдарламасына қонақ ретінде қатысып, отбасы мен шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті.

«Мен балам үшін бәрін жасауға дайынмын. Баламды оқыту үшін тіпті үш бөлмелі пәтерімді сатуға дайын болдым. Бірақ балам «мама, мен ешқайда бармаймын, сенің қасыңда боламын, саған тірек боламын» деп айтты. Мен қатты бай адам емеспін. «Қазақконцерттің» әншімісін, зейнеттемін», — дейді әнші.

Айтуынша, қазір 50 жылдық есеп беру кешіне қызу дайындық жүргізіп жатыр.

«50 жылдық есеп беру концертіме дайындық үстіндемін. Сол концерттен кейін мүмкін ресми сахнаменен қош айтысуым мүмкін», — дейді Роза Қуанышқызы.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button