Жаңалықтар

«Қатты ұрыстым»: Танымал актриса енесімен арасы қалай екенін айтып берді

Танымал актриса Ақерке Арыс 7-арнадағы «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында енесімен қарым-қатынасы туралы шынайы ойларымен бөлісті. Ол келін мен ене арасындағы сыйластық дұрыс қойылған шекарадан басталатынын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz ақпарат порталы. 

«Шынымды айтсам, енеммен қатты ұрыстым. Қатты ренжістім. Өте жақын да болдым. Күлдім де, құрбы да болдым. Қызы да болдым, келіні де болдым. Бірақ “келінді қызымдай көремін” дегенге қарсымын. Әркім өз орнында болуы керек. Өтірік істемеу керек. Келін бе? Келін! Қызың ба? Қызың! Ене ме? Ене! Сыйластық пен шекара болуы керек», – деді актриса.

Ақеркенің айтуынша, олар енесімен үш жыл бірге тұрған. Қазір бөлек тұрып жатқандарына бір жыл болған. Актрисаның пікірінше, бөлек тұру жас отбасыға үлкен тәжірибе береді.

«Енеммен үш жыл бірге тұрдық. Қазір бөлек тұрып жатқанымызға бір жыл болды. Енеңмен тұрғанның бір жақсысы — білмегеніңді үйретеді. Қиындықтарда үлкен адамның болуы жеңіл. Бірақ ата-ана баласының есеюі үшін оны бөлек шығаруы керек деп ойлаймын. Бірге тұрғанда, үнемі ақылдасу керек деген ой тұрады», – деді Ақерке Арыс.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close