Жаңалықтар

«Қатындар құтырмаса, экономикамыз тұралап қалатындай»: Блогер әйелдерді сынады

Танымал әзілкеш әрі блогер Нұрмақан Мұқанұлы ақын Бақыт Беделханның әйелдерге қатысты айтқан сөзінен кейін өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында әйелдердің қоғамдағы маңызын атап өтіп, олардың экономиканы алға жылжытатын негізгі күш екенін айтты.

«Қатындардың құтырғаны жақсы болды қайта. Концерт жасасаң – билеттің 80-90 пайызын солар алады. Кино түсірсең – залды солар толтырады. Зат сатсаң – бірінші де, тұрақты да клиент солар. «Құтырған қатын» – маркетологтың идеясы, блогердің контенті, продюсердің бюджеті, ең бастысы – еркектің мотивациясы! Әр брендтің артында бір құтырған қатын, әр істің артында «айттым ғой саған» дейтін қатын тұр. Қатындар құтырмаса, экономикамыз тұралап қалатындай екен», – деп жазды Нұрмақан Мұқанұлы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button