Әлем жаңалықтары

«Казах без понтов – беспонтовый казах»: Аршавин досына әдейі тиісе сөйледі

Фото: ашық дереккөз

«Зенит» футбол клубының YouTube арнасы «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің қатысуымен подкаст жариялады, – деп хабарлайды qandastar.kz politico.kz-ке сілтеме жасап.

Әңгіме барысында футболшылар қызықты тақырыптарды қозғады. Соның ішінде әңгіме ауаны қазақы стереотипке ойысқан еді. Сол сәтте Аршавин әңгімесін Әліптің көлігі туралы пікірінен бастады.

Сенде «блатной» нөмірлер бар, көлігіңнің түсі әншейін… Соған қарап, «Бұл кім болуы мүмкін?» деп ойладым. Кейін мейрамханаға кіріп, сені көргенде, бірден «Ее, бұл – Қазақстанның балалары!» дедім ғой, – дейді Андрей Аршавин.

Сондай-ақ ол Нұралы Әліптен «Казах без понтов – беспонтовый казах» деген стереотиптің өзіне қатысының бар-жоқтығын сұрады. Қазақстандық футболшы жауабын қысқа қайырды.

Иә, бәрібір мен мақтаншақ қазақпын, – деп жылы жымия салды ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close