Ақын Бақыт Беделхан Qanat Tileuhan-ның подкастында қазақ әйелдері туралы айтқан пікірімен сынға қалды, деп жазады qandastar.kz.
Ол әйел құқығын талап етіп жүргендерді психологтардың ықпалына түскендер деп сипаттап, қазақ әйелдерін «шынжырынан босаған итке» теңеген. Бұл сөздері әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, қатты сынға ұшырады.
«Шынжырынан босанған ит сияқты бәрі гу ете қалды. Соның кесір-кесапаты тиіп жатыр. Түк сылтау жоқ, мен деген эгоны екті миына», – деді ол психологтарды сынға алып.
Сонымен қатар, Бақыт Беделхан «тұрмыстық зорлық-зомбылық» туралы заңға да қарсы пікір білдірген.
«Оның үстіне біздің билік оған мүмкіндік жасап берді. Отбасылық заң шығарып, әйелге ұрысқан, әйелді ұрған еркек жауапқа тартылатын болды. Оларды одан сайын құтыртты», – деді ол.



