ЖаңалықтарСпорт

Қазақ балуаны Ризабек Айтмұханның отбасы қара жамылды

Қазақстан тарихында еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы Ризабек Айтмұхан әлеуметтік желідегі парақшасында атасының қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады qandastar.kz порталы.

«Бүгін мен қанатымнан айырылдым…
Айтмұхан атамнан айырылдым.

Мен Олимпиадада жеңіске жетіп, сол жеңісті сізге арнаймын деп армандаған едім, Ата… бірақ үлгермедім.

Жақындарыңызды бағалаңыздар, олармен көбірек уақыт өткізіңіздер.
Бұл – ешқандай ақшаға сатып ала алмайтын бақыт.

Ата, мен сізді қатты жақсы көремін.
Жаныңыз жәннатта болсын» — деп жазды спортшы.

Желі қолданушылары спортшының қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button