ЖаңалықтарСпорт

Қазақ дзюдосының жаңа жұлдызы: Абиба Абужақынова әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты

фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Абиба Абужақынова 48 келі салмақ дәрежесінде Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды qandastar.kz

Дзюдо ханшайымы халықаралық рейтингте 48 кг салмақ категориясында көшбасшы атанды. Ол 5021 ұпай жинап, ресейлік Сабина Гилязованың (4738 ұпай) және итальяндық Ассунта Скуттоның (4727 ұпай) алдын орады.

Бұл жетістік қазақ дзюдосының әлемдік деңгейде беделін арттыра түсті. Бұған дейін рейтингтің көшін Қазақстаннан тек Максим Раков, Елдос Сметов және Галбадрах Отгонцэцэг секілді танымал спортшылар ғана бастаған болатын.

Абиба Абужақынованың бұл жеңісі – қазақ дзюдосының жаңа биікке көтерілгенін айқындайтын маңызды белес.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button