Әлеумет және қоғамСпорт

Қазақ футболшысы алғаш рет FC Barcelona клубымен келісімшартқа отырды

15 жастағы Кәрім Меңдіқанов Испанияның «Барселона» клубымен келісімшартқа қол қойды. Ол клуб жүйесіне қабылданған алғашқы қазақ футболшысы атанып отыр.

15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіқанов Испанияның әйгілі FC Barcelona клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Sports.kz мәліметіне сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарлады.

Мақалада Испаниядағы балалар мен жасөспірімдер футболының халықаралық таланттарды тартуды жалғастырып жатқаны айтылған. Солардың бірі – 2011 жылы туған қазақстандық ойыншы Кәрім Меңдіқанов. Ол келесі маусымнан бастап «Барселона» жүйесіне қосылады.

Жас футболшы Испанияға 2022 жылы көшіп барып, сол уақыттан бері жергілікті клубтарда жаттығып келеді. Өткен маусымда ол «Серданьола» командасында өнер көрсетсе, биыл «Сант-Кугат» клубына ауысып, команданың негізгі ойыншыларының біріне айналған.

Дәл осы кезеңде оны ірі клубтардың скауттары байқап, нәтижесінде FC Barcelona өз қатарына шақырды.

Айта кетейік, Кәрім Меңдіқанов «Барселонамен» келісімшарт жасаған алғашқы қазақ футболшысы атанып отыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button