Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениет

Қазақ киносы қара жамылды: режиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті

Қазақстанның көрнекті кинорежиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ардақ Әмірқұлов дүниеден өтті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қаралы хабарға байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне көңіл айтты.

Министрлік Ардақ Жамансарыұлының қазақ кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. Ол режиссер ғана емес, бірнеше буын киногерлерді тәрбиелеген ұстаз әрі тәлімгер ретінде де ел есінде қалды.

Ардақ Әмірқұловтың «Отырардың күйреуі», «Абай», «Қош бол, Гүлсары!» секілді фильмдері ұлттық кинематографияның таңдаулы туындыларының қатарына енді. Оның шығармалары тарихи тақырыптарды, ұлттық болмысты және адам тағдырын терең әрі көркем бейнелеуімен ерекшеленді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан көңіл айту хабарламасында режиссердің жарқын бейнесі мен қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі халық жадында мәңгі сақталатыны айтылды.

«Ардақ Жамансарыұлының жарқын бейнесі, өнегелі ғұмыры мен қазақ мәдениеті мен кино өнерінің дамуына сіңірген елеулі еңбегі халық жадында мәңгі сақталады», – делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button