Жаңалықтар

Қазақ күресінің құрметіне Ұлттық Банк жаңа коллекциялық монеталар шығарды

Ұлттық Банк «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан QAZAQ KÚRESI жаңа коллекциялық монеталарын шығарғанын мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz сайты ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

Қазақ күресі – қазақтың дәстүрлі ұлттық спорт түрі. Қазақ күресінде екі қарсыластың мықтылығы күшпен, ептілікпен және төзімділікпен өлшенеді. Жекпе-жектің бұл түрі ғасырлар бойы қалыптасқан және қазақ мәдениеті мен спорттық мұрасының маңызды бөлігі болып саналады. Коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың атаулы құны бойынша қабылдануға, елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады, – деп хабарлады Ұлттық реттеуші.

Күміс пен мельхиордан жасалған монеталардың номиналы – 200 және 1000 теңге, олар Қазақстан теңге сарайында жасалған.

Коллекциялық монеталарды Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап сатып алуға болады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button