Жаңалықтар
Қазақ-қытай шекарасы жабылды
Фото: ашық дереккөз
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, көрші ел мемлекет болып құрылған күнін тойлайды. Осыған орай 1-нен 3-ші қазанға дейін шекара уақытша жабылды, деп хабарлайды Qandastar.kz. Азаматтар, автомобильдер, жүк көліктері өте алмайды.
«Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – деп жазылған хабарламада.