Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Қазақ қызы көне моңғол жазуын оқу байқауында бас жүлдеге ие болды

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында көне моңғол жазуын оқудан «Ұлттық жазу мәдениеті» сайысында Баян-Өлгий аймағында тұратын қазақ оқушы жеңімпаз атанды.

Бұл туралы жергілікті МОНЦАМЭ агенттігі хабарлады.

Ұланбатыр қаласындағы орталық Балалар кітапханасында өткен сайыста Баян-Өлгий аймағындағы №5 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ж.Саяжан бас жүлдені жеңіп алды.

«Ұлттық жазу мәдениеті» сайысы осымен 13-рет ұйымдастырылып отыр. Бұл байқауға жергілікті сыналтудан алдынғы орын алған оқушылар қатысады. Өткен айда Баян-Өлгий аймағынан үздік шыққан үш оқушы республикалық байқауға жолдама алған болатын. Алайда Саяжаннан басқа екі оқушы Ұланбатырда өткен сайыста орын иеленген жоқ.

Көне моңғол жазуын дәріптеу, оның бүгінгі қолдану аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа Ұланбатыр қаласының 9 аудананның және 13 аймақтың барлық мектебінің 6-12-сыныбының 216 оқушысы қатысқан. Ж.Саяжан осы оқушылардың арасында үздік атанды.

maxresdefault (1).jpg

1991 жылдан бастап Моңғолияның жалпы білім беретін мектептерінде жеке пән ретінде оқытылып келе жатқан, барлығы 28 әріптен тұратын көне моңғол жазуы жоғарыдан төмен қарай оқылады.

Тарихи деректер бойынша, көне моңғол жазуын кезінде моңғол әскері тұтқындаған найман мемлекетінің Таян ханының хатшысы Тататуңға Шыңғыс ханның бұйрығымен ұйғыр әріпінің негізінде жасап шығарған. Орта ғасырда дүниеге келген «Құпия шежіре», «Алтын шежіре», «Қазыналар қоры», буддизмнің қасиетті кітаптары «Ганжур» мен «Данжур» тәрізді еңбектер көне моңғол тілінде осы жазумен жазылған.

Дереккөз: BAQ.KZ.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close