Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Қазақ тілін құрметтемеу»: Депутат кинотеатрларды сынға алды

Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров кинотеатрларда қазақ тіліндегі сеанстардың аздығына шағымданды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Депутат Тhreads әлеуметтік желісіндегі парақшасында осы мәселені көтерді.

«Қазір кинотеатрларда Аңдар шаһары 2 (Зверополис) көрсетіліп жатыр. Бірақ қазақ тіліндегі сеанс Астанадағы көп ойын-сауық орталығында күніне бір рет берілуде. Меніңше бұл көрерменді алалау. Қазақ тілін құрметтемеу. Аудармасы жоқ болса екен, үндемейміз. Бар ғой бірақ. Мұны мен тек депутат ретінде емес, осы елдің азаматы ретінде дұрыс емес деп санаймын. Қанеки, кімді белгілеу керек, қайда пікір қалдырамыз, қазақша көрсетілімдердің көбейтуін сұраймыз!» — деп жазды депутат.

Айтуынша, кинотеатрлардың басшылықтарымен байланысқа шығып, осы мәселені көтерді.

Желі қолданушылары депутаттың бұл пікіріне қолдау білдіріп жатыр.

 

 

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button