«Қазақмыс» корпорациясы өндірістің тұрақтылығын сақтап, қызметкерлер алдындағы әлеуметтік міндеттерді толық орындау арқылы жоспарлы жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды QANDASTAR ақпараттық порталы.
2025–2029 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа сәйкес компания биыл ақпанның алғашқы жартысында жұмыскерлерге 12,3% көлемінде индекстелген біржолғы төлем жасайды. Бұл мөлшер ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы жариялаған 2025 жылғы ресми инфляция деңгейіне сай белгіленген.
Сондай-ақ тоқсан сайынғы сыйақыларды төлеудің қолданыстағы тәртібі сақталады.
Корпорация әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қызметкерлердің қорғалу деңгейін арттыруға және лайықты еңбек жағдайын жасауға бағытталған саясатты жүйелі түрде іске асырып келеді.
Сонымен бірге компания өндірістік қуатты жаңартуға, өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейтуге және топқа кіретін кәсіпорындардың тұрақты дамуына инвестиция құюды жалғастырып отыр.



