Жаңалықтар

«Қазақмыс» корпорациясы құрамында қалатын компаниялардың тізімі белгілі болды

Қазақмыс корпорациясы серіктестігі қатысушыларының өзгеруіне байланысты топ активтерінің бір бөлігін қайта ұйымдастыру мәмілесін аяқтап, бизнесті басқаруды оңтайландыру мақсатында жаңа құрылымды бекітті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл шешім басқарудың ашықтығын арттырып, жұмыстың бейінді бағыттарына басымдық беру үшін қабылданған және мәміле нәтижесінде топ құрамында жұмысын жалғастыратын ұйымдар тізімі жарияланды.

Жаңартылған құрылымға:

• «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС;
• «Maker (Мэйкер)» ЖШС;
• «Kazakhmys Barlau (Казахмыс Барлау)» ЖШС;
• «Kazakhmys Smelting (Казахмыс Смэлтинг)» ЖШС;
• Kazakhmys Maintenance Services (Казахмыс Мэйнтенанс Сервисиз)» ЖШС;
• «Медицинский центр Жезказган» ЖШС;
• «Авиакомпания Жезказган-эйр (ZHEZAIR)» АҚ;
• «Zhanashyr Project (Жанашыр Проджект)» ЖШС;
• «Kazakhmys Development (Казахмыс Девелопмент)» ЖШС;
• «Итауыз Project» ЖШС;
• «Профессиональная военизированная аварийно-спасательная служба Партнер» ЖШС;
• «Mineral operating» ЖШС;
• «Даутбай PROJECT» ЖШС;
• «Тамды-Саинбулак Project» ЖШС;
• «Kazakhmys Progress (Казахмыс Прогресс)» ЖШС;
• ЖМ «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі;
• ЖМ «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі;
• «Дюсембай Project» ЖШС;
• «Алтынказган Project» ЖШС;
• «Идыгей Project» ЖШС;
• «Бенкала Cuprum Project» ЖШС;
• «SN Mining» ЖШС;
• «BM Mining» ЖШС;
• «СП Жетымшокы» ЖШС;
• «North Nurkazgan Project (Норт Нурказган Проджект)» ЖШС;
• «QazREM Mining» ЖШС;
• «Qazaq Geophysics (QG)» ЖШС;
• «GEMSTONE-KZ» ЖШС;
• «Creative Ulytau» ЖШС;
• «FZE KZ (ФЗЕ КЗ)» ЖШС;
• «Жамбылмыс» ЖШС;
• «Университет Улытау» КЕАҚ, ұйымдары кіреді.

Меншік құрылымындағы өзгерістерге байланысты бірқатар компания корпорацияның қазіргі қызметінен шығарылып, толықтай өзге заңды тұлғалардың иелігіне өтті. Олардың қатарында «Kazakhmys Energy», «Kazakhmys Distribution», «Kazakhmys Coal», «KAZ GREEN ENERGY», Топар бас энергия тарату станциясы, Қазақмыс сақтандыру компаниясы, «KM Life» өмірді сақтандыру компаниясы, «КАЗБЕЛАЗ» біріккен кәсіпорны және Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы бар. Бұдан былай аталған ұйымдардың қызметіне қатысты барлық мәселе корпорацияның жауапкершілігіне кірмейді және сұрақтар тікелей олардың жаңа меншік иелері мен басшылығына жолдануы тиіс.

Мәміленің іске асырылуы өндірістік қызметке немесе жұмысшылар мен мемлекеттік органдар алдындағы міндеттемелерге ешқандай әсер етпейді және барлық негізгі процесс қалыпты режимде жалғасады. Корпорация өнеркәсіптік қауіпсіздік пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып бұрын жарияланған инвестициялық бағдарламаларды одан әрі іске асыратынын мәлімдеді. Заңнама талаптарына сәйкес мәміле туралы қосымша ақпарат алдағы уақытта жариялануы мүмкін.

Back to top button