Жаңалықтар
«Қазақмыс» сирек металдарды сыртқа шығарады деген айыптауларды жоққа шығарды

Фото: жеке қорынан
«Қазақмыс» сирек кездесетін металдарды сыртқа шығарады деген айыптауларды жоққа шығарды, деп жазды qandastar.kz
Компания барлық экспортталатын шикізат міндетті химиялық талдаудан өтетінін атап өтті. Сонымен қатар, экспорт процесі мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында екенін жеткізді. Мәліметтерінше, корпорация сирек кездесетін металдарды мақсатты түрде өндірумен айналыспайды, ал оның қызметі ұлттық және халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді.