Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Қазақмыс» жаңа Конституция жобасын ашық қолдады

Қазақмыс корпорациясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Жезқазған қаласында өткен компания басшылығы мен өңір кәсіпорындары жұмыскерлерінің кездесуінде айтылды.

Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі тау-кен металлургия саласының ел экономикасындағы рөлін атап өтіп, компания жұмысының басты қағидаттары тәртіп, жауапкершілік, қауіпсіздік пен сапа стандарттарына негізделетінін жеткізді.

Кездесуде жаңа Конституция жобасының ел мен өңірлердің тұрақты дамуына ықпалы талқыланды. Компания басшысы бизнеске – айқын әрі тұрақты ережелер, қызметкерлерге – әлеуметтік кепілдіктер мен қауіпсіздік қажет екенін айтты.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерге қолдау көрсету туралы ұстанымын еске салып, бұл бағыттағы жұмыстың «Қазақмыс» үшін инфрақұрылым, білім және тұрақты жұмыс орындарына инвестиция салу арқылы жалғасатынын атап өтті.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Бүкіров те реформаларды қолдап, еңбек адамы елдің басты тірегі екенін айтты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button