ӘкімЖаңалықтар

«Қазақмыстың» қаржылық қоры Ұлытаудың дамуына неге әсер етпей отыр?

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков «Қазақмыс» корпорациясы төңірегіндегі жағдайға қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, компанияның жаңа басшылығынан не күтетінін, сондай-ақ өңірдің ондаған жыл бойы өркениет игіліктерінен шет қалу себептерін түсіндірді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Ulysmedia.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әкімнің айтуынша, қазіргі Ұлытау облысы Қарағанды облысының құрамында болған кезеңде Жезқазғаннан түсетін кіріс және әлеуметтік салықтардың 70 пайызға дейінгі бөлігі облыс бюджетіне бағытталған.

– Бұл дегеніміз  бюджетке түсетін қаржының басым бөлігі осы салықтар есебінен қалыптасты. Яғни жергілікті бюджеттің негізгі кіріс көздері дәл осы төлемдер болды. Мұнда тек «Қазақмысты» немесе бұрынғы жергілікті билікті кінәлау дұрыс емес, себебі сол кезеңде бюджеттік жүйе осылай құрылған еді, – деді Дастан Рыспеков.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жағдай өзгерген.


– Қазір корпорация төлейтін салықтың 65 пайызы республикалық бюджетке, ал 35 пайызы облыс бюджетінде қалады, – деп нақтылады өңір басшысы.

Әкім бұл өзгерістер өңірдің қаржылық мүмкіндіктеріне тікелей әсер ететінін атап өтіп, жаңа басқару жағдайында Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру маңызды екенін жеткізді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button