ЖаңалықтарШоу бизнес

«Қазақша түсінуге тура келді»: әнші Dequine – ді ана тілін менсінбегені үшін «кәнсілдеуге» шақырды

Бірнеше рет харассмент жасап, мандатынан айырылған экс депутат Асқар Садықовтың қызы әнші Dequine-нің басы тағы дауға қалды,  деп жазады qandastar.kz.

Әлеуметтік желіде жас орындаушының бұрынғы сұхбаты тарап, онда ол мемлекеттік тілге деген немқұрайлылығын көрсеткен.

«Қазақ тілін білемін. Мен қазақ түрік — лицейінде оқыдым, білуге тура келді», —  деді ол жақтырмай.

Желі қолданушылары оның ана тіліне деген құрметінің жоқ екенін Threads — те жарыса жазып, әншіні кәнсілдеуге шақырды.

«Бұны толық адамдар туралы жазғанда кәнсіл жасау керек еді»,

«Өте күмән келтіретін адам»,

«Өз тілін менсінбей отыр ғой», — деген пікірлер көптеп жазылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button