Жаңалықтар

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін неге 1 миллиард долларды төлемеді?

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне мүшелікке өтуі үшін бір миллиард доллар төлеуі қажет болғаны жөніндегі ақпаратқа қатысты сайтына түсініктеме берді, деп жазады qandastar.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ақордада атап өтілгендей, мемлекеттің Бейбітшілік кеңесіне қосылуы тек қана оның егемен шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, Кеңеске мүше болған сәттен бастап мемлекеттің ондағы мүшелік мерзімі үш жылды құрайтыны хабарланды.

Жарғыда көрсетілген 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшелікке өту үшін міндетті талап болып табылмайды. Бұл – әрбір қатысушы мемлекеттің өз қалауына байланысты құқығы. Егер мұндай жарна алғашқы жылдың ішінде төленсе, мемлекетке Кеңестегі мүшелік мерзімін белгіленген үш жылдан ұзарту мүмкіндігі беріледі. Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарна төлемей қосылды, бұл Жарғы талаптарына толық сәйкес келеді, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салсақ, 2026 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Қол қою рәсімі Давос қаласында өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button