Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстан елшісі Трампқа сенім грамотасын табыстады

Ақ үйде Қазақстанның елшісі Мағжан Ілиясовтың АҚШ президенті Дональд Трампқа сенім грамоталарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Екі ай бұрын Мағжан Ілиясов Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған еді.

Ол бұл қызметте Ержан Әшікбаевты алмастырды.

«Вашингтон, 2025 жылғы 16 желтоқсан — Ақ үйде Қазақстан Республикасының елшісі Мағжан Ильясовтың Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трампқа сенім грамоталарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті» — делінген СІМ хабарламасында.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button