Спорт

Қазақстан ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Қазақстанның ерлер құрамасы Астанада өткен Әлем кубогының ширек финалында АҚШ командасын 45:40 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Турнир барысында команда Австралия мен Польшаны да жеңіп өтті. Жартылай финалда Қазақстан Франция құрамасымен кездеседі.

Қазақстан ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден Астанада өткен Әлем кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Ширек финалда біздің команда АҚШ құрамасын 45:40 есебімен жеңді.

Турнир барысында Вадим Шарлаимов, Эльмир Алимжанов, Никита Жулинский және Александр Федотов Австралияны (45:35) және Польшаны (42:41) жеңіп өтті.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Франция командасымен кездеседі.

Еске салсақ, бұған дейін Руслан Құрбанов Астанадағы Әлем кубогында күміс жүлде алған болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button