Жаңалықтар
«Қазақстан халқына» қорына жаңа басшы келді
Фото: Instagram/@qazaqstanhalqyna.kz
«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына жаңа басшы сайланды, – деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл туралы қордың Instagram-дағы парақшасында жарияланды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Лаззат Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы болып сайланды.
Ол бұған дейін «Қазақстан халқына» қоры Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Атамекен» ҰКП құрметті қызметкері» медалімен марапатталған.
Сондай-ақ, Қамқоршылық кеңес қор қызметкерлері София Айсағалиеваны Басқарма төрағасының орынбасары, Серікбек Елшібековті «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма мүшесі етіп сайлады.
Басшылықтың ауысқанына қарамастан, қор жұмысын қалыпты тәртіпте жалғастырады. Қордың Қамқоршылық кеңесінің пікірінше, басшылықтың ауысуы – бұл жаңа тарау, ол қайырымдылық қызметті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерді ашады.
Ал «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорын үш жыл бойы басқарған Болат Жәмішев өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын.