Жаңалықтар

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Ұлттық статистика бюросы 1 маусымдағы Қазақстан халқының саны туралы мәліметтерді жариялады. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, жаздың басында елімізде 20 139 914 адам болған,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Жыл басында Қазақстанда 20 033 842 адам болған. Осылайша, бес айда қазақстандықтардың саны 100 мыңнан аса адамға өсті.

Еліміздің ең тығыз қоныстанған өңірлері бестігіне Алматы (2 253 502 адам), Түркістан облысы (2 149 210 адам), Алматы облысы (1 543 588 адам), Астана (1 464 415 адам) және Шымкент (1 236 901 адам) кіреді.

Миллионнан аса халқы бар өңірлер қатарына Жамбыл (1 223 457 адам) және Қарағанды облыстары да (1 134 935 адам) кіреді. Ақтөбе облысы да осы шекке жақындады: 1 маусымдағы жағдай бойынша мұнда 943 615 адам тұрды.

Қазақстандықтардың басым бөлігі – 12 552 583 адам-қала тұрғындары. Аталған кезеңде ауылдық жерлерде 7 587 331 адам тұрды.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close