
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Новороссийск теңіз порты акваториясындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған кезекті шабуылға байланысты ресми пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz
Ведомство бұл оқиғаның “халықаралық құқықпен қорғалатын, азаматтық мақсаттағы нысанға жасалған үшінші шабуыл” екенін атап өтті.
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Новороссийск теңіз порты акваториясындағы халықаралық Каспий құбыр консорциумының маңызды инфрақұрылымына жасалған кезекті әдейі шабуылға байланысты өз қарсылығын білдіреді», – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, министрлік КҚК-ның әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.
«Біз бұл жағдайды Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы екіжақты қатынастарға зиян келтіретін әрекет деп санаймыз және мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін украин тарапынан нақты шаралар күтудеміз», – деп мәлімдеді СІМ.



