Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы Азия ойындарын 4-ші орынмен аяқтады
![](https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2025/02/1739342046-780x405.jpg)
Фото: ашық дереккөз
Қазақстан құрамасы Азия ойындарын 4-ші орынмен аяқтады, деп жазды qandastar.kz
Біздің спортшылар барлығы 20 медаль жеңіп алды. Оның 4-еуі алтын, 9-ы күміс және 7-еуі қола жүлде.
Барлығы 85 медальмен, оның ішінде 32 алтын, 27 күміс, 26 қола медаль иеленген жарыс қожайындары Қытай құрамасы ойындарды бірінші орынмен аяқтады.
Екінші орынды 45 медальмен (16 алтын, 15 күміс, 14 қола медаль) Оңтүстік Корея иеленсе, 37 медальмен (10 алтын, 12 күміс, 15 қола) Жапония құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
Өзбекстан мен Филиппин 1 алтыннан алып, бесінші орынды бөлісті. Солтүстік Корея 1 күміспен жетінші орында. Ал сегізінші орынды Тайвань (Қытайлық Тайбэй) мен Таиланд (1 қола медаль) иеленді.
Жарыстар Қытайдың Харбин қаласы мен Ябули тау-шаңғы курортында 7-14 ақпан аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан құрамасынан спорттың 10 түрінен 137 спортшы сынға түсті.