Әлеумет және қоғамЖаңалықтарСпорт

Қазақстан құрамасы Германиядағы грек-рим күресі бойынша Гран-при турнирінде топ жарды

Германияның Дортмунд қаласында өткен грек-рим күресінен халықаралық Гран-при турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Отандастарымыз 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.

Германияның Дортмунд қаласында өткен грек-рим күресінен халықаралық Гран-при турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Қазақстан балуандары жарыста 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медаль иегерлері:

  • Арсен Жұма (55 кг)
  • Айбек Айтбеков (60 кг)
  • Айдос Сұлтанғали (63 кг)
  • Бағдат Сабаз (67 кг)
  • Юсуф Ашрапов (72 кг)
  • Мерей Мәулитқанов (77 кг)

Күміс медаль иегерлері:

  • Дәулет Әшірханов (63 кг)
  • Алматбек Аманбек (72 кг)
  • Ибрагим Магомадов (82 кг)
  • Джохар Узаров (130 кг)

Қола медаль иегерлері:

  • Аманғали Бекболатов (60 кг)
  • Ғалым Қабдунасаров (63 кг)
  • Мәди Данелов (72 кг)
  • Омар Сатаев (82 кг)
  • Диас Кален (87 кг)

Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы турнирдің жалпы медальдық есебінде көш бастады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button