Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми интернет-ресурсы — quryltai.kz сайты жұмысын бастады. Енді азаматтар Құрылтайдың қызметіне қатысты қажетті ақпаратты бір платформадан таба алады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ресми сайтта Құрылтай мен оның депутаттарының қызметіне қатысты жаңалықтар мен өзекті мәліметтер жарияланады. Сондай-ақ заң жобаларының мәтіндері, жоспарланған іс-шаралар туралы хабарландырулар және түрлі талдамалық материалдар ұсынылады.
Бұдан бөлек, пайдаланушылар Құрылтай отырыстарының онлайн-трансляцияларын тамашалап, фото және бейнематериалдарды көре алады.



