Жаңалықтар

Қазақстан Қытаймен бірігіп, Айға станция салады

Фото: Тенгриньюс.кз

Жоба 2030 жылы басталады, – деп хабарлайды qandastar.kz.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің сөзінше, үлес шарттары жайлы айтуға әзір ерте, себебі нақтылауды қажет ететін мәселелер шаш етектен болып тұр.

«Біз тек  меморандумға қол қойдық. Станция Айда немесе орбитада орналасуы мүмкін. Оның мақсаты – ғылыми зерттеулер жүргізу. Қазір оның қалай жүргізілетіні де талқыда, адамдар араласа ма, әлде мұнымен роботтар айналыса ма болашақта белгілі болады», – деді ол.

«Kris p media» әлеуметтік желісіндегі жазбада қытайлық әріптестермен кеңес беру шаралары жүргізілетіні де айтылған. Соның негізінде ерекше жобаның арнайы Жол картасы түзілмекші.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close