Білім

Қазақстан мектептерінде стоматологиялық кабинет ашылуы мүмкін

Фото: istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астанадағы №95 мектепте болып, оқушыларға қатысты бірқатар мәселені талқылады, – деп хабарлайды qandastar.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

«Оқушы саны 1000 баладан асатын мектептерде стоматологиялық кабинет ашу мәселесі талқыланды. Бүгінде 6 өңірде 98 кабинет жұмыс істеп тұр. Онда дантистер қабылдау жүргізеді. Әрі қарай «Сау тіспен болашаққа» жобасының аясында кезең-кезеңмен мектеп жасындағы барлық баланы қамту жоспарланып отыр», – делінген баспасөз хабарламасында.

Балаларға, әсіресе өтпелі кезеңде психологиялық көмек көрсету мәселесі талқыланды. Мектеп психологтарына арнап оқыту курстарын өткізу туралы шешім қабылданды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close