Жаңалықтар
Қазақстан мен OPEC+ ұйымы арасында мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін
File Photo Purchase Licensing Rights
Өйткені Қазақстанның Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасының бірінші кезеңі күзде аяқталып, ал 2026 жылы екінші кезеңді аяқтау жоспарланған. Оған қоса 2025 жылы Теңізді кеңейту жобасын аяқталуы тиіс. Ал Теңіз кен орнында өндірілетін мұнай көлемі мұнайға деген сұраныстың төрттен бір бөлігіне тең болмақ. Сондықтан ұйымның мұнай өндірісін шектеу туралы талабын ұстана алмауы ықтимал. Мұндай болжаммен Bloomberg басылымы бөлісті, деп жазады qandastar.kz
«Қазақстан ОПЕК+ құрылғалы бері, он жылға жуық уақыт бойы картель үшін күрделі серіктеске айналды. Ол көбіне квотадан артық мұнай өндірді. Бұл мәселе келесі жылы одан әрі ушығуы мүмкін, себебі елдегі ең ірі мұнай кен орнын кеңейтуге $45 миллиардтық жоба аяқталуға жақын», — деп жазады басылым.
Бұған дейін Үкімет 2025 жылы табыстың 50%-ға дейінгі өсімін Теңіздегі өндірісті кеңейту есебінен жоспарлап отырғандықтан, бұл жобаны жүзеге асыру ел үшін өте маңызды деген еді. Ал кеше қара алтын өндіру көлемін жылына 100 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарын растады. Биыл бұл көрсеткіш жоспардан төмен. Яғни 90,3 млн тоннаның орнына 88,4 млн тонна өндіреді.