Жаңалықтар

Қазақстан Олимпиада ойындарын аяқтап, медаль саны бойынша үздік 50 елдің қатарына кірді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан құрамасы Парижде өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындарын аяқтап, медаль саны бойынша үздік 50 елдің қатарына кірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан құрамасы Парижде өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындарын аяқтап, медаль саны бойынша үздік 50 елдің қатарына кірді.

Қазақстан құрамасының нәтижесін Ұлттық олимпиада комитеті Telegram желісіндегі ресми арнасында жариялады. Франция астанасында қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды. Ел қоржынындағы жалғыз алтынды Елдос Сметов еншіледі. Ол дзюдодан 60 келі салмақта сынға түсті. Сондай-ақ қазақстандықтар үш күміс медаль иеленді. Гимнаст Нариман Курбанов, грек-рим күресінің өкілі Демеу Жадыраев (77 келі) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Париж Олимпиадасының қола медалін Назым Қызайбай (50 келі, бокс) және Александра Ле мен Ислам Сәтпаев (нысана көздеуден аралас командалық жарым) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) иеленді. Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша 42-орында тұр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close