
Таяу Шығыстан эвакуация кезінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз ешқашан өз азаматтарымызды тағдыр тәлкегінде қалдырмаймыз» деген сөзі тағы бір дәлел тапты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы «НЕХабар» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық төлқұжаттың күші жыл сайын артып келе жатқанын бірнеше рет атап өткен.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл елдің халықаралық беделі мен қауіпсіздік деңгейінің жоғары екенін білдіреді.
«Әр жолы қандай да бір елде азаматтарымызға қауіп төнсе, біз олардың Отанына тезірек оралуы үшін жедел шаралар қабылдаймыз», — деп еді президент.
Бүгінде бұл пікір нақты іс жүзінде көрініс тауып отыр. Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялап, оларды елге қайтару жұмыстарын жүргізуде.
Мемлекет ұйымдастырған шаралардың арқасында шетелде қалған қазақстандықтар үйлеріне аман оралуда. Бұл Қазақстан қай жерде жүрсе де өз азаматтарына қолдау көрсететінін дәлелдеді.




