Жаңалықтар
«Қазақстан өз азаматтарын шетелге экстрадицияламайды»: Сенат спикері Украинада журналиске оқ атқан күдіктілерге қатысты мәлімдеме жасады
Сенатор Мәулен Әшімбаев Киевте журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деген екі қазақстандық күдіктіні Украинаға экстрадицияламайтынын мәлімдеді,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Украина билігі күдіктілерді экстрадициялауды сұрады, бірақ сенат спикері Мәулен Әшімбаев “біз Қазақстан азаматтары туралы айтып отырмыз, сондықтан олар экстрадицияланбайды” деп жауап берді.
“Еліміздің заңнамасына сәйкес біздің республика азаматтарымыздың құқықтарына басымдық береді. Сондықтан бұл жағдайға қатысы жоқ екенін және қай істе болсын заңға және принципке бағынатынымызды айтқым келеді: Қазақстан өз азаматтарын шетелге экстрадицияламайды”, – деп түйендеді Мәулен Әшімбаев.
Бұған дейін екі күдіктінің бірі Алтай Жақанбаевтың өзі полицияға келіп, кінәсін мойындады. Екіншісі, Мейрам Қаратаев (бұрынғы полицей) әлі іздестіріліп жатыр.