Мәдениет

Қазақстан павильоны Венециядағы көруге тиіс сегіздікке енді

Венецияны бағындырған өнер.

Италияның Венеция қаласында өтіп жатқан 61-ші Халықаралық өнер көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны шетелдік сыншылардың жоғары бағасына ие болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Әлем назарын аударған қазақстандық алаңды италиялық беделді Dove журналы биыл міндетті түрде көруге тиіс сегіздіктің қатарына қосқан.

Жергілікті сарапшылардың сөзіне қарағанда, бұл жер адамды баяулатып, айналасындағы үнге құлақ түруге шақыратын ерекше сезімдік саяхат сыйлайды.

«Венецияның қарбалас дыбыстары біртіндеп қазақ даласының үндеріне жол беретін бұл павильон көрмедегі ең тыныш әрі көрерменді өз әлеміне жетелейтін кеңістіктердің бірі», — деді Dove басылымының редакторлары.

Еуропалық Sutton, әзербайжандық NARGIS, Таяу Шығыстағы Canvas Magazine және италиялық Il manifesto сияқты ірі басылымдар да отандық шеберлердің тарихи жады мен дала мәдениетінің ішкі үнін бейнелейтін «Qoñyr – Тыныштық мұрағаты» жобасын ерекше атап өткен. Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, 2026 жылдың 22 қарашасына дейін жалғасатын бұл өнер мерекесіндегі біздің экспозицияны күн сайын шамамен 1 мың адам тамашалайды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен ашылған жоба ұлттық өнерді дәріптеу мақсатын көздейді. Бұған дейін аталған қордың қаражатына Қызылорда, Абай, Атырау облыстарында мәдени нысандар бой көтеріп, бірнеше өңірде жаңа креатив орталықтар іске қосылған болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от NARGIS (@nargis_magazine)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button