- Өтініш беруші еркін нысанда толтыратын жеке өтініш.
- Іс қағазын көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері беретін сауалнама-өтініш.
- 3,5×4,5 см мөлшердегі төрт фотосурет (фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75 пайызға жуығын алуы тиіс).
- Іс қағазының көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері беретін «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттеме.
- Соттылығының болуы немесе жоқтығы туралы анықтама.
- Мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.
- Басқа мемлекет азаматтығының жоқтығы немесе оны тоқтатқаны туралы анықтама.
Back to top button