ҚР азаматтығын алу
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 10 бабына сәйкес азаматтық:
- тууы бойынша;
- Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;
- осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.
Егер Сіз басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсаңыз, онда Сіз өтініш беріп:
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының;
- Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия ережелерінің;
- Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау бойынша өтінішхаттарды (өтініштерід) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларының;
- Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінің Қазақстан республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресімдеуі жөніндегі нұсқаулықтың нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдана аласыз
«Азаматтық туралы» Заңының 16 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына:
- Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар (азаматтыққа қабылдау туралы өтінішхатты берген сәтте Қазақстан Республикасында тұрудың бес жылдық мерзімі үздіксіз болуы тиіс);
- Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрған адамдар (кемінде үш жыл тұрақты тұратын);
- Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi – баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан қабылданатын болады.
Дереккөз: egov.kz
1 пікір