Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше тәртiп белгiленбесе, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, жарамды паспорты немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша мемлекеттiк шекарадағы халықаралық және екi жақты қатынастар үшiн ашық өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылады. ҚР визасы жарамды паспортқа немесе Қазақстан Республикасы танитын жеке басын куәландыратын басқа құжатқа жапсырылады, және Қазақстан Республикасының аумағына келуге, және онда болуға, сондай-ақ кетуге немесе транзитпен ҚР аумағын кесіп өтуге құқық береді. Қазақстан Республикасының визаларын беру және олардың қолданыс мерзімін ұзарту үшін қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ресімделген халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкілдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелерінің Астанадағы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне немесе Алматыдағы КҚД өкілдігіне тапсырылған жазбаша өтініштері негіз болып табылады. Туристер ретінде немесе іскерлік мақсатпен шетел азаматтарын шақыратын мемлекеттік емес ұйымдар облыстық деңгейдегі көші-қон полициясының жергілікті бөлімшелерімен (Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары үшін Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармасы – Ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы басқармасымен) келіскеннен кейін ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне жазбаша өтініштерді береді. Қазақстан Республикасына жеке істерімен келетін шетел азаматтары үшін келуге арналған рұқсатты Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдейді. Электронды визалар 1 шілдеден бастап ведомство электронды визаларды енгізді. Казахстанға келіп жатқан шетелдіктер консулдықтарға бармай ақ электронды виза алу үшін өтініш бере алады. Электронды визаға электронды портал арқылы өтініш беруге болады. Барлық сауалнамалық деректерді көрсету қажет: келу мақсаты, қаржылық мүмкіндіктер, болу мерзімі. Электронды визаны жібергеннен кейін Казақстандық билік ақпартты деректер қорлары бойынша тексереді. Егер ешқандай шектеулер болмаса сізге визаны ресімдейді. Шетелдіктер үшін виза Бұрын шақыру мерзімі 14 күн болатын, ал 1 шілдеден бастап шетелдіктер үшін Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды тапсыру мерзімі қысқартылды. Шақыруды виза алушы келуінің болжанған күніне дейін кемінде бес жұмыс күн бұрын тапсыру қажет. Шақыруда қазақстандық тарап шетелдіктің Қазақстандағы мекенжайы мен тұрғылықты жерін көрсету керек. Визаның қолданылу мерзімі шетелдік азамат паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын аяқталуы тиіс. Басқа құжаттардың беру қажеттілігін консул жергілікті жерде белгілейді. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын – жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бірге келетін шетел азаматтары үшін бір айға дейінгі, бірақ бір жыл ішінде екі реттен артық емес мерзімге, визалар жоғарыда аталған туыстардың өтініштері (осы шектеу Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-аналарымен бірге келетін кәмелетке толмаған шетел азаматтарына қолданылмайды) негізінде ресімделуі мүмкін. Қазақстан Республикасынан қоныс аударған шетел азаматтарына туған жерлеріне және туысқандарының зираттарына болып қайту үшін олардың жеке өтініштері және Қазақстан Республикасымен байланыстығын растайтын құжаттары (ұлттық паспорттағы бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында жақын туысқанының жерленгендігі туралы құжаттың, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтаманың көшірмесі) негізінде үш айға дейінгі мерзімге жеке визалар берілуі мүмкін. Тарихи отанына келу тәртібін одан әрі ырықтандыру мақсатында қазақ диаспорасының шетелдік өкілдеріне ҚР СІМ-мен келісімі бойынша жыл ішінде екі рет үш айға дейінгі мерзімге олардың жеке өтініштері негізінде жеке визалар берілуі мүмкін.