Қаржы және төлемдер
Қазақстан шетелдіктерге ЖСН бере бастайды

Фото: ашық дереккөз
Қазақстан шетелдіктерге ЖСН бере бастайды, деп жазды qandastar.kz
Сыртқы істер, Ішкі істер және Цифрлық даму министрліктерінің жобасы 18 сәуірде басталып 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Оған 70-тен астам қазақстандық елшілік пен консулдық қатысады. ЖСН-ді кімдер ала алады?
Болашақ инвесторлар; Қазақстан азаматымен некеде тұрған шетелдіктер; Бір ата-анасы қазақстандық болып саналатын 16 жасқа дейінгі шетелдік балалар; Қазақстан азаматтарының шетелдік мұрагерлері; Digital Nomad Residency және Digital Nomad Visa бағдарламаларына қатысуға ниеті бар адамдар; Мүгедектігі бар немесе жасы 65-тен асқан шетелдіктер; Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалардың шетелдік басшылары.