
Қазақстан Түркістанды бейбіт келіссөздер өткізуге алаң ретінде ұсынуға дайын екендігін растады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ирандық әріптесі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
«Сұхбат барысында Көшербаев ирандық әріптесіне Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, осыдан бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей Қазақстан тарапы Түркістан қаласын бейбіт келіссөздер өткізуге алаң ретінде ұсынуға дайын екендігін растады», — делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар, тараптар екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға келісті.



