Әлем жаңалықтары
Қазақстан тарапы «қара жәшікті» Бразилияға жөнелтті
Фото: ашық дереккөз
2024 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан көлік министрлігі Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines-ке тиесілі ұшаққа қатысты маңызды мәлімдеме жасады. Оған сәйкес, Қазақстан борттағы жазбалары бар құрылғы Бразилияға жөнелтілген, деп жазды qandastar.kz
«Авиациялық оқиғаны тергеу комиссиясы Бразилияға ұшып кетті. Борттық өздігінен жазғыштар Бразилияның авиациялық апаттарды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жеткізіледі», делінген Көлік министрлігі хабарламасында.
Айта кетсек, бүгін таңертең Көлік министрлігі Ақтау маңындағы авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия борттағы жазбаны (қара жәшіктерді) Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген. Embraer ұшағы осы Бразилияда шығарылады. CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.