Әлеумет және қоғамБасты жаңалықтар

Қазақстан Таяу Шығыстан азаматтарын қайтару рейстерін жалғастырып жатыр

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыс елдерінде жүрген отандастарды елге қайтару жұмыстарын жалғастыруда.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен және әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінде жүрген қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп.

3 наурыз күні «FlyDubai» әуе компаниясы Дубай – Астана және Дубай – Алматы бағыттары бойынша екі рейс орындады. Аталған рейстер арқылы елге жалпы саны 306 жолаушы жеткізілді (Астанаға – 151, Алматыға – 155 адам).

Сонымен қатар, «Эйр Астана» әуе компаниясы Сауд Арабиясынан жоспарланған рейстерді жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта Медина қаласынан 290 орындық Airbus A320 ұшақтарымен екі рейс, ал Жидда қаласынан жалпы сыйымдылығы 339 орындық Airbus A321 ұшақтарымен екі рейс орындалуда.

«SCAT» әуе компаниясы да қазақстандықтарды елге жеткізу үшін 290 орындық Boeing-767 әуе кемесімен Алматы – Маскат (Оман) – Алматы бағыты бойынша рейс ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ұшақ Алматыдан жергілікті уақытпен сағат 19:00-де ұшады. Әуе компаниялары өңірдегі ахуалды ескере отырып, эвакуациялық рейстерді әрі қарай жалғастыруды көздеп отыр.

Азаматтық авиация комитеті мен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығын іске қосты. Азаматтар келесі нөмірлер арқылы хабарласа алады:

+7 7172 77 98 21

+7 7172 79 82 13

+7 7172 79 82 14

Рейстердің мәртебесін нақтылау үшін жолаушыларға әуе компанияларының анықтама қызметтеріне жүгіну ұсынылады:

Air Astana: +7 727 244 44 77; +7 7172 58 44 77; +7 702 702 44 77

FlyArystan: +7 727 331 10 10; WhatsApp: +7 702 702 02 27

SCAT Airlines: +7 7252 99 88 80

Qazaq Air: +7 727 356 14 14

Әуежайлардың байланыс нөмірлері:

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы: +7 7172 702 999

Алматы халықаралық әуежайы: +7 727 228 00 19

Бұдан бөлек, азаматтарға Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен тікелей байланыс орнатып, өзекті ақпаратты нақтылау ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және шетелдегі елшіліктер тәулік бойы жұмыс істеуде.

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Сыртқы істер министрлігімен және әуе компанияларымен бірлесіп, жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Қазақстан азаматтарына сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, әуе компанияларымен және елшіліктермен тұрақты байланыста болу ұсынылады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button