Жаңалықтар

Қазақстан үш халықаралық банктен қарыз алады

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан үш халықаралық банктен 190 млрд иен қарыз алады, деп жазды qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.

Несие биылғы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталмақ. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында тиісті құжат мақұлданды.

Азия Даму Банкінен – 52,3 млрд иен;

Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен – 84,9 млрд иен;

Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінен – 52,7 млрд иен.

Екі халықаралық институттан алынатын қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл. Қазақстан үшінші банк беретін несиені 2034 жылға дейін өтеуі шарт.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close