Жаңалықтар

Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде алғашқы үштікке енді

Фото: ҚазАвтоЖол

Қазақстанда жол-көлік апаттары жыл сайын мыңдаған адамның өмірін жалмап келеді. БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы жариялаған жаңа дерекке сәйкес, еліміз жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемдегі алғашқы үштікке кірді, деп хабарлады /qandastar.kz

Рейтингте Ресей мен АҚШ алғашқы екі орында тұр, ал үшінші орында — Қазақстан.

Ресми мәліметке сай, 2025 жылдың басынан бері ел аумағында 15 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Олардың салдарынан 1600 адам көз жұмып, 35 мыңнан аса адам түрлі деңгейдегі жарақат алған.

Мамандардың айтуынша, апаттардың 90%-ы жүргізушілердің қателігінен болады. Ең жиі кездесетін себептердің бірі — жылдамдықты шамадан тыс асыру. Қалған 10%-ы жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзуынан туындайды.

Көлік апаттарының алдын алу мақсатында елімізде бейнебақылау жүйелерін күшейту, жол инфрақұрылымын жаңарту және жүргізушілер мәдениетін арттыру бағытында шаралар қолға алынуда.

Back to top button