Жаңалықтар
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап мектеп бағдарламаларына жасанды интеллект енгізіледі

Фото: freepik.com
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылынан бастап білім беру процесіне жасанды интеллект элементтері кезең-кезеңімен енгізілетінін мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
AI-ды енгізу алдымен «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатика» пәндерінен басталады. Бұл бағытта орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары бекітілген.
Оқушылар үшін Day of AI онлайн курстары, ал мұғалімдер үшін біліктілікті арттыру курстары дайындалған.
Министрліктің мәліметінше, 1 қыркүйек күні 4,1 миллион оқушы мектеп партасына отырады, олардың қатарында 341 мың бірінші сынып оқушысы және 232 мың 11-сынып түлегі бар.