Жаңалықтар

Қазақстанда 1 маусымнан бастап жүк көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі

Жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Бұл шаралар күннің ыстығында жол жамылғысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған. Шектеу мерзімі:

еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін;
солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін.

Шектеулер +25°C жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі. 1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00–22:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:

Алматы облысы;
Атырау облысы;
Жамбыл облысы;
Жетісу облысы;
Ұлытау облысы;
Қарағанды облысы;
Қызылорда облысы;
Түркістан облысы;
Маңғыстау облысы.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close